• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Бірнеше рет сотты болған Ресей азаматы ұсталды

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2019

Бірнеше рет сотты болған Ресей азаматы ұсталды
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады
2019 жылдың тамызында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің инспекторлары, полиция капитаны Есмағанбет Ибрагимов пен полиция майоры Анарбек Сансызбаевтар заңсыз көші-қонның алдын алу, оның ішінде шетелдіктермен жасалған қылмыстарды болдырмау мақсатында жедел іздестіру шараларын оң нәтижемен атқарды.

Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айының басында Қапланбек бекетінде атқарған іс-шаралары барысында, күдік туғызған белгісіз тұлға назарға ілігеді. Нәтижесінде, Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері ол азаматты ұстап, жеке басын анықтайды. Яғни, күдіктінің Ресей Федерациясының тұрғыны екендігі және бұрын сотты болғандығы белгілі болады. Сондай-ақ, 2018 жылдың 28 қазанынан бері аталған қылмыскердің халықаралық іздеуде жүргендігіне көз жеткізеді.

Осылайша Ресей Федерациясында іздеуде жүрген жасы 40-тан асқан қауіпті қылмыскерді сарыағаштық полицейлер Ресей еліне хабарлап, жедел түрде экстрадация жасау әрекеттерін іске асырады.

Өз істеріне жауаптылықпен қарап, қырағылықтарын қолдана білген сарыағаштық сақшылар осылайша қылмыскерді дер кезінде анықтап, қоғам тыныштығын сақтап қалды.

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?