• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шу ауданының тұрғыны 56 келіден астам марихуанамен ұсталды

Автор:REVIZORRO

Окт 17, 2019

Бұл туралы Жамбыл облысы Полици департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің құмды аймағында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңа-жол ауылының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Есірткі өткізушіні жалпы салмағы 56 кг 800 г «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қаппен есірткі сақтау орнын қазу кезінде ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019» жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі.

Алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары тек жеке дайындаушыларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтарды анықтайды.

Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысы Полици департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?