• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері марихуана сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады

Автор:REVIZORRO

Окт 22, 2019

«Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД полицейлері заңсыз есірткі сатып және сақтау бойынша Ордабасы ауданында бірнеше жайттарды анықтады. Мысалы, 12 қазан күні Түркістан облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады. Іздестіру барысында полицейлер күдікті жас жігіттен жалпы салмағы 9 грамды қамтитын полиэтилен пакетіне оралған марихуаны тауып, тәркілеп алды. Дәл осы күні «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 10 грамнан астам есірткі затын сатқаны үшін тағы бір жергілікті тұрғынды ұстады. Оның тұрғын-үйіне тінту жүргізу барысында 1 дана сіріңке қорабы, құрамында өсімдіктен алынатын есірткі заты бар орама табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес есірткі затына ұқсас зат 30 грамнан астам «марихуана» болып шықты. Арадан екі күн өткеннен кейін Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тағы бір Ордабасы ауданының тұрғынын есірткі сатқаны үшін күдікті ретінде ұстады. Ұсталған азаматтың үйін тексеріп, тінту барысында ішінде марихуана бар 2 сіріңке қорабы табылды, есірткі затының жалпы салмағы 10 грамнан астам. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізілуде.
Түркістан облысы
сурет шартты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?