• Сб. Апр 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысында «Браконьер» жедел- алдын алу шарасы өткізілуде

Автор:REVIZORRO

Окт 23, 2019

Осы іс-шара аясында ағымдағы жылдың 5-31 қазаны аралығында аймақтың флорасы мен фаунасына қатысты браконьерлік әрекеттердің жолын кесу үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау бөліністері кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ осы мақсатта мобильді іздестіру топтары құрылды.

Бүгінгі таңда бес қылмыстық іс қозғалып, 46 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

ҚР ҚК 339 — бабы (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша- 2 дерек, сондай-ақ ҚР ҚК 337-бабы (заңсыз аң аулау), ҚР ҚК 334-бабы (жер қойнауын өз бетімен пайдалану) және ҚР ҚК 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК 382 – бабын бұзуға қатысты- 29 дерек (жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу), ҚР ӘҚБтК 482 — бабын (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бұзуға қатысты- 9 дерек, ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) 8 дерек тіркелді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергеновтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары тарапынан жандандыруды талап етеді, өйткені Жамбыл облысының аумағында жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығының су қоймалары жеткілікті.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?