• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Тұрсын Мырзалиев, 3 млн. тенге қайда?

Автор:REVIZORRO

Ноя 29, 2019

Басшыға бағыныштылар пара мен ұсталса, басшы жұмыс орнын босатады- деген ақпарат айтылған ән болғаны ма?

БАҚ беттеріне бажайланып, соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп берген қаражаттарды анықтай алмай отырғандар кімдер екені маған белгісіз. Алайда Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім бөлімі басшысы Тұрсын Мырзалиевтің сұхбатын алу, өмірбақи күтумен алдану сияқты. Көленкесін көрсетпей қашуға кіріскен көрінеді. Бәлкім 3 000 000 қаржыны сұрап қалады- деп қашып жүр ме, біле алмадым. Сонау Жетісай ауданына журналистік зерттеу жұмыстарын жүргіземін деп барып, ақпаратқа қол жеткізе алмай қайтқан журналистердің сүйекке жүгірген күшік кейпін киген көрінісі мені ренжітті. Бұл ақпаратыма фейк парақшалар мен басшысын қорғауға көшетін адамдар шығатынын да сезіп тұрмын. Бірақ сезім мен емес, дәлелмен жұмыс жасағанды жөн көремін. Айтар уәжім төмендегідей құрметті министр Аймағанбетов:

Жетісай ауданындағы білім бөлімі басшысы тарапынан ақпаратқа қол жеткізе алмай, жұмыс орнына барып, кабинеті алдында итше күзетіп қайтып, амал жоқтығынан бір тараптама болса да аталған, айтылған, БАҚ беттерінде жазылған және әлеуметтік желілер арқылы келген шағымдар мен айғақтарды жариялауыма тура келіп отыр. Себебі екінші тараптың жауаптарын алу мүлде мүмкін емес!
Жетісай ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектептің жаңа ғимаратындағы парталар жоққа ұқсайды, кабинеттері 20-30 мың теңгеден саудаға түскені туралы айтылған аудио жазбалар келіп түсті. Алайда аудан тарапынан да, облыс тарапынан да, тіпті орган тарпынан да назарға ілінер емес. Жарайды, 2019 жылдың 21-қарашасында сағат кешкі 18:00-дер шамасында Келес АПБ-нің кезекшілік нөміріне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Келес ауданы «Жібек жолы-Жетісай» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жайлы айтылады. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанып, нәтижесінде «Ауди 100» маркалы автокөлігінің иесі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Хюндай Старекс» маркалы автокөлігіне соқтығысқаны белгілі болған. Сол көлік ішінде Жетісай ауданы мектептерінің мұғалімдері тест тапсыруға кетіп бара жатқаны және мұғалімдердің денсаулықтарына кішкене болса да зиян келгені белгілі болып отыр. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1238026276384873&id=100005325377496¬if_id=1574885443913696¬if_t=comment_mention&ref=notif
Мұғалімдердің абыройы емес, өмірі маңызды деп санап, бұл орын алған оқиға бойынша да, Жетісай ауданы білім бөлімі басшысы тарапынан толық ақпарат ала алмай, тек орын алған жолкөлік оқиғасы туралы,Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан берілген ресми мәлімдеме мен шектеліп отырмын.
Мектеп мұғалімінің «ерсі» сексуалды сипаттағы бейнежазбаларнда әлеуметтік желілерде көрген болатынбыз. Нәтижесін тек көре алмай отырғанымыз…

Ал, мектепке келмеген оқушылар аттестат алғаны туралы ақпарат және мектеп журналдарына ручка мен емес, қалам мен қойылған бағаларын суреттерін көріп, отырсақта, қылмыстық істер қысқарып кеткенін хабардар болғанбыз. Себебі мектепке келмеген оқушылар аттестат алғаны анықталып тұрса да қылмыстың құрамы жоқ болып шыққанына жаға ұстап, Жетісай ауданы полиця полковнигі Ермахан мырзаның қадағалауына ұсынып отырмын. Ермахан Әбдірамановқа рахмет, барлық құжаттарды өз бақылауына алып, танысып, бақылауына алды. Оң шешім табылар деген үміттемін. Оң шешім облыстық басқарма мен аудандағы білім бөлімінен болмай жатқаны болмаса…

МЕЙЛІ, АУЫЗДАРЫН АҚША МЕН ЖАУЫП ТАСТАҒАН ДА ШЫҒАР, Алайда кеше жақында ғана Жетісай ауданында мектеп директоры пара алды деген күдік пен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1239531059567728&id=100005325377496

Енді осы жағдайдан кейін Тұрсын Мырзалиев орнында отыра берсе, онда басшы, қызметкерлері пара алса жұмыстан кетеді- деген жерін алып тастап, үстінен сызып, маңызы жоқ, күші жойылған деп, тану қажет деген сөздер мен тану керек шығар.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық пен күресіп жатқанда, біз көмектесудің орынана «ҚАРСЫЛЫҚ ТАНЫТЫП» отырғанымыз ұят қана емес бәлкім қылмыста шығар?
Әлде президенттің айтқндарына түкіріп отырсыздар ма Турсын Мырзалиев?

Алайда диплом мен ауылға бағдарламасы бойынша бір адамға бір номер мен бұйрық шығарып, екі лауазым бергені туралы айтпасақта болатын шығар.

Ал 9 сағат сабақты өтпеген адамға еңбек ақы төленіп жатса, ол неге еңбек ақыны алуы керек деген сұрақ сарғайып, жыртылуға сәл-ақ қалып отыр, ЖАУАП ЖОҚ! Еңбекақы алған соң сабақты өту керек, немесе ақыны мемлекет есебіне қайтару керек емес пе?
Оқушыларға, мұғалімдердің мәжбүрлеп сабақ өтуінен алатын білімдері қандай болатынын ойлап көрдіңіздер ме?

Диплом мен ауылға бағдарламасы аясында 10 нан астам мұғалімдер бар көрінеді, сіз өзіңіз № 229- бұйрықтан толық хабарыңыз бар екеніне күмәнім жоқ! Қалған ақпараттарды естіп, білмей жатсаңыз аталған мақаламның келесі жалғасында толық жазып көрсетіп, суреттерін жариялап беремін. Ауданда басшы болып отырып мектептеріңізде не болып жатқанын білмесеңіз, Елорда да отырып мен естіп отырмын. Бәлкім Жетісай ауданы білім бөлімі басшылығына құлағы еститін, көздері көретін, жұмыс жасап, мұғалімдерін қорғай алатын, оқушыларға білім бере алатын, басшы болып, бөлімді басқара алатын, ауданның атын елге ұятқа қалдырмайтын басшы тағайындау керек шығар, қалай ойлайсыздар?

Ал, «Қазақстан жолы» газетінде жарияланған 3 000 000 қаржы туралы ТОЛЫҚ ЖАУАПТЫ ӨЗІҢІЗ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА, АЛДАМАЙ, ШЫН АҚПАРАТТЫ МӘЛІМДЕУІҢІЗДІ СҰРАНАМЫН?
Себебі 3 млн теңге, біреудің қалтасындағы қаражат емес! Мемлекеттің қаражаты жымқырылмасын?!
Жегендер болса орнына ҚОЙСЫН Тұрсын Мырзалиев?!!!

Итің ұры десе, намыстанған қазақ емеспіз бе Тұрсын Мырзалиев?

(Жалғасы бар)
Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?