• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен.

Автор:REVIZORRO

Дек 6, 2019

2019 жылғы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікті басқара отырып, екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болған, екіншісі түрлі жарақаттармен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөлміне жеткізілген.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.

Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қ. Полиция департаментіні

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?