• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жер саудасының арқасында кім тұр, Өмірзақ Шөкеев?

Автор:REVIZORRO

Дек 6, 2019

Сайрам ауданындағы ауыл әкімі жер телімін беру үшін, халықтан 350 000 теңгеден қаржы жинаған- деген ақпараттар мен редакциямызға келіп түскен бір қаншама арыздар, аңырап жатаберсе, Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке сын болмас па екен?
Түркістан облысы «НҰР ОТАН» партиясына және облыстық прокуратураға арнайы ресми хат жолдап, Сайрам ауданы әкімі Бақтияр Мамаевқа қарау үшін жолданғаны туралы жауап алған едім. Алайда 1 айдан асып кетсе де, Сайрам ауданы әкімі Бақтияр Мамаевтан ешқандай жауап келген жоқ!
Түсінгенім, Облыс әкімі мен прокуратурасы және «НҰР ОТАН» партиясына «түкіргенім» бар- деп, білгенін жасап отырған аудан әкімі ме?
Сыбайлас жемқорлық бойынша президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң ескерту және тапсырмалар беріп, күресіп жатқан жағдайда, аудан әкімі мен облыс тарапы құлықсыз отыраберсе, президентіміз сөздерінің біз Түркістан облысына ешқандай қажеті жоқ, керек болса келіп айтсын дегені ме?
Бірқаншама ауыл турғындары 350 000 теңгеден жинап беріп, жер телімін алу арманға айналып сан соғып қалғанын, редакциямызға келіп шағымданып отырған бір қаншама адамдар кімге барарын білмей басын ұстап қалған. Алайда құқық қорғау органдары мен, жергілікті биліктің ешқандай әрекеттерін әзірге байқамай отырмыз, екі айдық көлемі 1 аптадан кейін толады. Ал халықтың сансоғып жүргенін, бастарына келмеген адам түсіне қоймас сірә.
Түркістан облысы, сенген қойым сен болсаң, күйсеген аузыңды ұрайынның кейпін киді ме Өмірзақ Шөкеев?
Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?