• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Сайрам ауданы әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алу күдігіне ілікті

Автор:REVIZORRO

Дек 6, 2019

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Call-орталығына түскен хабарламаны тексеру нәтижелері бойынша Түркістан облысының Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол азаматтан көп балалығы бойынша жәрдемақы аудару үшін 22 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?