• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Бірнеше рет оқ атылған.

Автор:REVIZORRO

Янв 8, 2020

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті хабарлады. 2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал орын алған. Жанжал барысында «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3 бабы «адам өлтіруге оқталу», «бұзақылық» және «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?