• Пн. Май 13th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысында 40 килограмм есірткі заты тәркіленді

Автор:REVIZORRO

Окт 16, 2018

2018 жылдың 13 қазанында Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан бұрын ҚР ҚК 259-бабы бойынша сотты болған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 кг аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«REVIZORRO»

Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?