• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Тұншықтырғыш газ – қауіпті көрші

Автор:REVIZORRO

Фев 17, 2020

Тұншықтырғыш газ қайдан құрылады?

Пештің түтін тартуын жапқанда, тұншықтырғыш газ кислород жетпей жатқаннан бықсып тұрған көмірлердің тотығынан құрылады да бөлмеге өтеді. Адамдар оның өткенін байқамайды, өйткені тұншықтырғыш газдың иісі де жоқ түсі де жоқ. Ол біріншіден орталық нерв жүйесіне әсер етеді және тұншыққандар олармен не болып жатқанын түсінбейді және жағдайды бағалай алмайды. Кәзіргі уақытта пештермен қолданылатындар көп емес және тұншықтырғыш газбен кездесу мүмкіншіліктері аз. Бірақ алайда ол нәрсе адамдардың тіршілік нәтижесінде көрінеді, сонымен қатар көптеген табиғи үделістерде.

Тұншықтырғыш газ барлық жану процесстерінде орын алады, атап айтқанда элертостанцияларында және жылу станцияларында жанар жағармайды жаққанда, газ плита және алау оты жанғанда, автокөліктің пайдаланған газы шығуы, темекі шеккенде. Қалаларға көміртек монооксидін негізгі «жұқтырушы» автокөлік болады. Автокөлік жанар жағармайдың 1000 л жаққанда атмосфераға 25 –тен 200 кг дейін тұншықтырғыш газ бөлінеді. Өкінішке орай жабық гараждарда уланып қалу жиі болады.

Ағзаға әсер етуі

Тұншықтырғыш газ ағзаға қалай әсер етеді? Өкпеге түсіп және одан қан плазмасына барады, СО эритроцитке түсіп ол жақта гемоглабин белогымен әрекеттеседі — өттен тканге кислородті жеткізеді. Қан кислородты тканге тасымалдау қасиетін жоғалтады, кислородтың аса жетіспеу симптомдары көрінеді.

Ауада тұншықтырғыш газдың үлкен көлемде шоғырлануы, қандағы карбоксигемоглобин қауіпті шоғырлануына тез әкеледі. Карбоксигемоглобинын шоғырлануы 2-10% жеткенде уланып қалудың анық белгілері көрінбейді, бірақ ондай адамдар бас ауруларына, шаршағандарына, тәбеті түскеніне, ашулану қабілеті көтерілуіне, жаман ұйқыға, жүрек тұсындағы ауруға, назар және сақтау қабілеті төмендегеніне наразылық білдіреді. Ірі қалалардағы тұратын тұрғындарға ол симптомдар белгілі. Ағза тым көп уақытта ткандерге кислород жеткіліксіз қалпында тұрғанда, ағзаның жағдайы ауырлайды, біріншіден бас миінің және жүрек бұлшық етінің.

Тұншықтырғыш газдан уланғанда алғашқы көмек

Уақыт жоғалтпай зардап шеккенді таза ауаға шығару керек. Содан кейін көйлектің үстінгі түймесін ағытып, мұсатырлы спиртпен самайды ұқалау қажет. Зардап шеккен есін жиіп отырса оны құсқызу керек, содан кейін ыстық шәй, кофе немесе щелочь сусынымен (1 үлкен қасық ас содасы 1 литр суға) қандырып ішкізу керек. Қандайда жағдай болмаса, көмек көрсетер алдында жәрдем көмекті шақыру қажет.

Тұншықтырғыш газдан уланып қалмау үшін не істеу керек?

Бірінші кезекте, пеш жағарда қарапайым техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстау, жабық жерлерде автокөлікті істеп тұрған қозғалтқышпен ұстамау, газ плитасымен қондырылған ас бөлмені жиі ауасын тазарту. Бірақ сонда да сұрақ туындайды, калай үйде және гаражда ауаның жағдайын тұрақты бақылауын қамтамассыз етуге болады?

· Үйлерде пештерін тексеруін және жөндеуін жылу беру мерзіміне дейін өткізу;

· Шатырдың астындағы барлық түтін өтетін арналардағы дуалдарды және үйдын мұржасын әктеліп шығу қажет;

· Жылу беру мерзімінің басында, және де 3 айда 1 рет барлық жылу мезгілінде пештерді және мұржаларды күйеден тазалау қажет;

· Ауа тазартқыш және газ арналарын мұржа қылып қолдануға болмайды;

· Автокөлікті жөндегенде және гаражда жұмыс істегенде есікті ашық қалдыру қажет;

· Автокөліктің қозғалтқышын уақыт сайын өшіріп түру қажет;

· Бөлмені ауамен тазарту, таза ауаға жие шығу, қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау қажет.

Осы ережелерді орындай отырып, біз өзімізге және өз жақындарымызға апат болдырмауын, тұрмыстық өрттерін төмендетуін, әсіресе жеке тұрғын секторларда болдырмауына үміттенеміз.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?