• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жұқпалы вирустардың алдын алу жағдайлары талқыланды

Автор:REVIZORRO

Фев 20, 2020

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында медицина мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы жедел жәрдем бекетінің дәрігері А.Нурмахашев пен АПБ-нің уақытша ұстау изоляторының фельдшері М.Нурмахашева мен аудандық полицейлер қатысты.

Қандай да бір вирус анықталған сәтте қандай шара қолдану мен қалай қорғану қажеттілігі, оған қоса сақтық шаралары осы бас қосуда мұқият баяндалды.

Жалпы жұқпалы вирустар инфекциясының алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жедел респираторлық вирустық инфекция көріністері бар адамдар анықталған жағдайда оларды уақытылы аумақтық инфекциялық ауруханаларға жолдаумен, Сарыағаш АПБ-нің ғимаратында күшейтілген желдетуді жүргізу және дезинфекциялау шараларын ұйымдастыру қажеттігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар бас қосуда полиция қызметкерлері тарапынан жоғарыда аталған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, дәрігерлерден толыққанды жауаптар алынды.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?