• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Биік ғимараттардың өрт қауіпсіздігі

Автор:REVIZORRO

Фев 20, 2020

Биік ғимараттар — бұл биіктігі 28 метрден асатын құрылыстар, олар 10 қабаттан жоғары үйлер болып табылады. Төмен және орта қабаттардағы ғимараттарға қарағанда, олар өрт қауіптілігінің үлкен дәрежесіне ие, өйткені өрт кезінде мұндай ғимараттардың баспалдақ торлары түгел өте тез түтінденеді, ал өрт күзеті гарнизондарындағы механикалық баспалдақтар адамдарды құтқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, негізінен 30 м биіктікке дейін.
Әлемдік тарихта өрттердің алдын алу және олардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуде назар аудартқан биік (көпқабатты) үйлердегі өрттердің көптеген мысалдары бар. Қабаттылығы жоғары тұрғын үйлерде келесідей өртке қарсы құрылғылар мен конструкциялар көзделеді:
— адамдарды қауіпсіз эвакуациялау үшін балконның немесе лоджияның сыртқы ашық аймағы арқылы кіретін есігі бар түтіндемейтін баспалдақ торлары;
— пәтерде өртті дер кезінде анықтауға арналған автоматты өрт сигнал беру жүйесі;
— ғимараттардың қабаттарындағы өрт крандары және тұрғын үйлердің жер төлелеріндегі көтергіш сорғылары бар өрт сөндіруге арналған ішкі өртке қарсы су құбыры;
— ең бастысы шатырларда немесе техникалық қабаттарда орнатылған желдеткіштерден тұратын және лифт шахталары мен баспалдақ торларында артық қысым жасауға арналған түтін шығару және ауаны ұстау жүйелері, бұл эвакуациялау жолдарының түтіндемеуін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте осындай үйлердің тұрғындары ойдағыдай эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігінің қосымша талаптарын сақтауы қажет. Жоғары қабатты үйлерде келесілерге тыйым салынады:
— түтінденбейтін баспалдақ торларындағы ауа аймақтарын әйнектермен немесе басқа материалдармен жабуға;
— заттарды дәліздерде, балкондарда және баспалдақ торларында, оның ішінде жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар мен материалдарды сақтауға;
— баспалдақ алаңдарының есіктерін кілттеп жабуға;
— автокөліктерді ғимараттарға жақын орналастыруға және өту жолдарына өзге заттарды үймеуге, өйткені бұл өрт сөндіру машиналарының ғимаратқа өту мүмкіндігін және өрт сөндіру автосаты арқылы адамдарды құтқару үшін кез келген пәтерге өрт сөндірушілердің кіруін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
Өрт немесе басқа төтенше жағдайлар болған жағдайда барлық қалалық және ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай 101 немесе 112 телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.

БҚО ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?