• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Әкім неге сотталмайды?

Автор:REVIZORRO

Фев 21, 2020

Бүгін, аспанда ұшып жүрген емес, жерде тұрған үйді айыптап, үй егесін сотқа берген Bek Air компаниясы басшылығы шағымы бойынша, Алматының Талғар аудандық сотында, Ришат Қалибекке қатысты сот отырысы болып өтті. 2019 жылы 27 желтоқсан күні қайғылы оқиғаның соңы опасыздық пен нүктесін қоймақ па, әзірге белгісіз. Ұшақ апатынан қирап қалған үйдің егесі Ришат Қалибектің айтуынша, Bek Air компаниясы оқиғадан о дүниеге аттанған адамдардың өліміне, ұшақ немесе әуе компаниясын емес, керісінше ұшақ келіп соқтығысып, салдарынан қирап қалған үй егесін кінәлі етікісі келгенге ұқсайды.
Жарайды, салынған үй заңсыз- деп таныды делік. Алайда сол заңсыздыққа жол берген, үйдің тұрған жерінің жер актілері мен құжаттарына рұқсат еткен, келісім берген билік (әкім) неге сотқа тартылмайды? Билік пен ірі компания басшыларының қарапайым халыққа ғана күші келеді дегені ме бұл, басқа қалай түсінеміз?
Халықтың мүддесі мен құқықтарын кім қорғайды Қасым-Жомарт Тоқаев?
Егер салынған үй заңсыз салынған болса сот, үйдің заңсыз екендігін айтатыны анық! Алайда жауапқа әкімдіктің тарапынан рұқсат етіп берілген жерлерге жауапты әкім, жауапкершіліктен құтылып, қарапайым халық сот алдында жауапқа тартылып кететіні ешкімді ойландырмады ма?
Жергілікті биліктің кесірінен халықты соттап, түрмеге қамаймыз ба әлде, адамдар үй ала алмай, баспанасыз жүрген кезеңде, үйінен айырылған азаматтың үйіне келген шығынды өтеп берудің орнына соттаймыз ба?
Өлгеннің үстіне тепкенді қашан қоямыз?
Халықтыңда құқытары бұзылмауы тиіс құрметті үкімет басшылары!
Сардар Әдіжақия

Один комментарий к “Әкім неге сотталмайды?”
  1. Сәлеметсізбе! Өте, маңызды шаруа қозғалып отыр екен. Әу баста, «ӘКІМ» мырза қайда қарап отырған екен? Түнгі, уақытта ұшақтың құлайтынын үй иесі білсе сол жерге «Үй» салмас еді. Архитекторлармен, әкімдердің сыбайластығынан шығынға ұшырап, бүкіл әлемге күлкі болып отырмыз.
    Әрине, бұл мәселені ертерек шешпесеңіздер халықтың жүйкесі жұқаруда. Әлеуметтік желіні ашып қалсам, бітпеген жыр. Үкімет басындағылар қайда қарап отыр?-дейді. Ең, алдымен үкімет басындағылар емес, архитекторлармен әкім жауап беруі тиіс…, , әрі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?