• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде 15 дана қару тәркіледі

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2020

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 25-ақпанынан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Шараның негізгі мақсаты қаруды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен және сату айналымымен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.

Сонымен, «Қару» жедел алдын алу іс-шараларының үш тәулігінде Түркістан облысы ПД және оған қарасты басқа да полиция бөлімдерімен бірлесіп, қызметкерлері заңсыз сақталған 15 аңшы қаруды тәркіледі, оның ішінде 10 дана аңшы қаруы , 1 дана шолақ мылтық, 2 травматикалық және 1 дана газды тапанша мен 1дана пневматикалық мылтық алынды. Оның арасында 4 бірлік заңсыз қаруды Түркістан облысының тұрғындары өз еріктерімен полицейлерге тапсырды.

Мысалы, 25.02.2020 жылы Жетісай АПБ-нің қызметкерлері Шардара су қоймасы жанында рейдтік іс-шара барысында екі жергілікті тұрғынды ұстап, олардан 2 тіркелмеген аңшы қаруын тәркілді. Өз кезегінде 27.02.2020 жылы Созақ ауданының тұрғыны полиция бөліміне ерікті түрде үйінде сақтаған 16 калибрлі аңшы қаруын әкеліп өткізген.

Сонымен қатар, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер 2.8 мыңнан астам қару иесін тексеріп, 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 99-ы қару сақтау ережесінің сақталмауы болса, 46 заң бұзушылық қаруды тіркеу, қайта тіркеу тәртібін бұзу болып табылады.
Түркістан облыы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?