• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан: Миллион теңге талап еткен бопсалаушылар ұсталды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2020

Түркістан облысының полицейлері миллион теңге талап еткен бопсалаушыларды ұстады деп хабарлайды, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция басқармасына қорқытып алу жайты туралы жергілікті депода жұмыс жасайтын Түркістан қаласының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, үш қызметкері бопсалау жолымен, оның қызметінде заңсыз деректерді БАҚ-дарына таратамын деп, миллион теңге талап еткен. Бұл дерек СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тіркелді.
Арнайы операция барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақпен бірлесе отырып, үш күдіктіге 400 000 теңге беру кезінде ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, күдіктілерден айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «Бопсалау» бабымен жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Өз кезегінде, Түркістан қаласының тұрғыны Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлеріне бопсалаушыларды ұстау кезінде жеделдігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді. «Мен қорқытып алушылық бойынша полицияға жүгіндім. Апта ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыскерлерді ұстады . Тәртіп сақшыларына рахмет!»- деп жәбірленуші полицейлерге алғысын білдірді.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?