• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Құтқарушылар көктемгі су айдындарындағы қауіп туралы ескертеді

Автор:REVIZORRO

Мар 28, 2020

26 наурызда сағат 21:20-да Қ. Сәтбаев атындағы каналда 4 адамы бар автокөлік мұз астына құлап кетті.

Бұл Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентінен 40 км жерде болды.

Екі ер адам өздігінен шыға алды. Басқа екі ер адамды іздестіру ТЖ департаменті бөлімшелерінің күштерімен жүргізілді.

27 наурызда сағат 10:51-де 1985 және 1982 ж. т. қайтыс болғандардың мәйіті табылды және судан шығарылды.

Қарағанды облысының ТЖД ескертеді!

Су айдындарында көктемгі мұз жамылғысы берік емес. Қауіпсіздік шараларын сақтау қажет!

Көктемгі мұздың қауіпін түсіндіру мақсатында ТЖ департаменті жергілікті полиция қызметімен бірлесе су қоймаларда профилактикалық тексеріс жүргізілуде. Үгіт-насиxат жұмыстары барысында балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде. Барлығы 200 рейд пен 600-ден астам патрульдеу жүргізілді.

Құтқарушылар еске салады!

— Мұз бетіне шықпаңыздар!

— Мұз бетіне көлікпен шықпаңыздар!

— Балық аулаудан бас тартыңыз!

— Жарық, ойық жерлерге жоламаңыздар!

— Балалардың өз бетерінше су қоймаларына баруына жол бермеңіз!

Барлық оқиғалар мен ТЖ туралы 112 немесе 36-36-8(7212) 43, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыз.

Қарағанды облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?