• Сб. Май 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Көтемгі сипаттағы төтенше жағдай

Автор:REVIZORRO

Мар 28, 2020

Көктем өзінің барлық көрінетін және көрінбейтін кеңістіктерін батыл қадамдарымен толықтыруда. Егер кеше жұпаргүлдің бұтақтарында бүршіктің атуы көрінер-көрінбестей болса, бүгін олардың орында балғын желімді жапырақтар жайылған. Өріктер мен абрикостар қаламыздың барлық көшелері мен бау-бақшаларында гүлдендіріп тұр. Көбелектер оянып, күннің ертеңгі салқынына қарамастан балшырындарға рахаттанып тою үшін гүлдеген талдарға ұмтылуда. Мұның барлығы лирика, өмірге шынайы көзқараспен қарайық. Біздің тұрғындарды көктем келісімен облысымыздағы ықтималды төтенше жағдайлар туралы еске салғымыз келеді.

Тасқын – су басу кезеңі, жылдың әр мезгілінде көптеп қайталануы мүмкін, жылымық кездежауын-шашыннан немесе қардың көп мөлшерде жылдам еруінен орын алады.

Облыс аумағында су басу кезеңі жыл сайын ақпан айының үшінші он күндігінен басталып, маусым айының бірінші он күндігі аралығында өтеді. Осы аралықтағы тасқындар, Жамбыл облысының таулы аумақтарындағы жауын-шашынның қарқынды түсуі мен қардың жылдам еруінің әсерінен орын алады. Беткейлердегі белсенді ағындар мен тасқындар орын алатын аумақтарға Жамбыл облысы бойынша 6 таулы аудан аумағы кіреді: Жуалы, Жамбыл, Т. Рысқұлов, Меркі, Қордай және Талас аудандары.

Суқоймаларынан суды көп мөлшерде тастау кезінде және субөгеттерінің су өткізу деңгейінің төмендігіне байланысты, Шу, Талас және Аса өзендері бойындағы ойпаң жерлер, елді мекендер мен экономика объектілерін су басу қаупі бар.

Тасқын су елдімекендерде бүрбелең тудырмау үшін, облыс тұрғындарының барлығы белсенді түрде арық жүйелері және үйлер мен аула қасындағы шағын көпірлер астын қыс бойы жиналған қоқыс үйінділерінен тарзартулары тиіс.

Сел — тау өзендерінің арналарында немесе нөсер немесе ұзаққа созылған жаңбыр, қардың немесе мұздықтардың қарқынды еруі, кенді көлдердің жарылуы нәтижесінде уақытша ағындарда кенеттен қалыптасатын қауіпті экзогенді геологиялық процесс, апатты балшықты немесе тас балшықты ағын. Үлкен қиратқыш күшке ие, көбінесе көптеген адам құрбандарымен, елді мекендердің, ғимараттардың, әртүрлі шаруашылық объектілерінің жойылуымен немесе қиратуымен бірге жүреді.

Сел ағынының өту қаупі Меркі, Т. Рысқұлов, Қордай, Жуалы, Жамбыл, Талас аудандарының 18 өзенінің бассейндерінде бар: (Меркі, Аспара, Талды-бұлақ, тұзу-Сұрат, Молалы, Мақбал, Шұңғыр, қарақаты, Қарақыстақ, Көкдонен, Шалсу, Қарақонөз, Ргайты, Колғұты, Қақпатас, Ақсай, Көксай, Тамды). Жамбыл облысында сел қаупі бар кезең — сәуір айының 3-ші онкүндігінен басталып, шілде айының 3 онкүндігіне дейін созылуы ықтимал.

Дауыл — жылдамдығы 30 м/с (108 км/с) және одан жоғары болатын жойқын күш пен ұзақтығы жел. Біздің облыс аумағында жыл бойы орын алып тұрады.

Дауылдың пайда болу себебі — ауа ағынының жоғары жылдамдықтарымен ауа айналымының ерекше жағдайларында көрінетін атмосферадағы тепе-теңдіктің күрт бұзылуы.

Дауылды жел үлкен қирау, адам құрбандары, ауылшаруашылығы жануарларының қаза болуы, материалдық зиян келтіреді. Ол апаттардың ең қуатты күштерінің бірі болып табылады және оның зиянды әсері жер сілкінісімен салыстырылуы мүмкін.

Орман және дала өрттері. Облыс аумағының басым бөлігі ықтимал табиғи өрттер аймағында орналасқан. Облыстың барлық аудандарында дала өрттері болуы мүмкін, Мойынқұм, Байзақ, Т. Рысқұлов, Шу және Мерке аудандарында сексеуіл ормандары мен бұталардың өрттері, Жамбыл, Жуалы, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарында тау бөктеріндегі ормандардың өрттері болуы мүмкін. Табиғи өрттердің салдарынан адамдар зардап шегеді, ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі орын алады, табиғи орта үлкен зиян шегеді.

Жыл сайын облыс аумағында ондаған табиғи өрттер тіркеледі. Олардың кейбірі табиғи факторларға байланысты (жел жылдамдығы, шөп жамылғысының ерекшеліктері, жер бедері және т.б.) үлкен алқаптарға таралады.

Облыс аумағында күннің күрт жылынуына байланысты жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар және өрмекші тәріздес жәндіктер оянады. Сондықтан қала сыртына демалуға барғанда, басқалардың арасында, қажет болған жағдайда «112»нөміріне қоңырау шалу үшін қажетті дәрі-дәрмекпен жабдықталған дәрі қобдишасы, ыңғайлы арнайы аяқ киім (биік кроссовкалар, бәтеңкелер, берцтер) және зарядталған телефон болуы керек.

Халыққа қандай да бір қолайсыз жағдай туралы дер кезінде хабарлаудың арқасында («112″қызметінің SMS — хабарламаларын жіберу арқылы) сақтық шараларын сақтай отырып, жағымсыз салдардан құтылуға болады. Сондай-ақ, облыста болып жатқан барлық төтенше жағдайлар мен сақтық шаралары туралы «Дармен» тегін мобильді қосымшасына қол қойып білуге болады. Жүктеу сілтемесі:

Android http://play.google.com/store/apps/details?id=com.sannacode.android.serbiso

iOS (iPhone)

http://apps.apple.com/ru/app/darmen/id1293220771

Әрқашан да қырағы болайық. Сіздің өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірі Сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз!

Жамбыл облысы ТЖД

ақпараттық-аналитикалық тобының

бас маманы

Евгения Яковлева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?