• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Балконда кәуап пісірген тұрғын жазаға тартылды

Автор:REVIZORRO

Апр 28, 2020

Павлодарда жергілікті тұрғын көп қабатты үйдің балконында кәуап пісіргені үшін тиісті жазасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады.Ол Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Полиция қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпауларыңызды, өз әрекеттеріңізбен өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеулеріңізді ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?