• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Айранға телефон жасырып, қамаудағы күйеуіне жеткізбек болды

Автор:REVIZORRO

Апр 28, 2020

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде айранның қорабына мұқият жасырылған ұялы телефон мен «active» және «Beeline» сим карталарын тәркіледі.
Тыйым салынған заттарды 52 жасар А.Р. есімді қала тұрғыны абақтыда «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді» деген айыппен тергеуде отырған күйеуіне айран қорабының ішіне жасырып, бермек болған.
«Азаматша А.Р. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды»
Ақтөбеде ҚАЖ департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?