• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент:Қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Автор:REVIZORRO

Апр 29, 2020

Шымкенттік полицейлер қарақшылық жасаған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қаскүнемдер 23 сәуірде қала тұрғынынан смартфонын күш қолданып, тартып алған. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушісі Жалғас Халила криминалдық полиция, патрульдік полиция полкі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде құқық бұзушыларды ізін суытпай анықтап, құрықтады. Олар 30 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының және 37 жастағы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Олардан ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінде (тонау) көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен екі ай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qaraqshylyq-zhasaghan-kudiktiler-ustaldy/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?