• Пт. Май 17th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алматы қаласы полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері ұсталды

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2020

Алматы қаласы полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

2020 жылдың 8 тамызында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 800 мың теңге сомасында кезекті ақшалай қаражат сомасын алу барысында Алматы қаласы полиция департаментінің Процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері ұсталды, олар 2017 жылдан бастап «жалған сот орындаушысымен» сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан қаражат алып, өздеріне иемденген.
Бұл ретте, автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілді.

Тек алдын ала деректер бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 270 млн.теңгеден астам қаржы түспеген.
Аталған тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың басқа қылмыстарға қатыстылығы туралы фактілері тексерілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?