• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

1 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражатты алдап алған.

Автор:REVIZORRO

Сен 4, 2020

Ол делдал-офицерлер арқылы жүйелі түрде әскери қызметшілерді басқа өңірлерден Алматы қаласының әскери бөлімдеріне ауыстыру бойынша «кадрлық бизнес» ұйымдастырды деген күдікке ілінді-деп хабарлады,Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Алынған заңсыз ақшалай сыйақы сомасы бір әскери қызметшіні аударғаны үшін 800 мыңнан 1,1 млн теңгеге дейін өзгеріп отырды.
Айта кету керек, бұған дейін ол ісі сотта қаралып жатқан генерал — сол Кадр департаментінің экс-бастығымен жұмыс істеген.
Мұндай фактілер аталған лауазымды тұлғалардың қалыптасқан және осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан жүйелі жемқорлығына куә етеді.
Сонымен қатар, бұл салада әскери қызметке шақырудан шеттету үшін парақорлықтың жүйелі фактілері де бар.
Осылайша, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Қорғаныс департаментінің бөлім бастығы (капитаны) мен Алматы қаласы Полиция департаментінің инспекторына (сержанты) қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы әскери қызметке жарамсыз ретінде әскери билет беруге жәрдем көрсету сылтауымен әскерге шақырылушыдан 1 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражатты алдап алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?