• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған.

Автор:REVIZORRO

Сен 4, 2020

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің және бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеу бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады. Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерлерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған-деп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
2020 жылғы 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?