• Чт. Май 2nd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Автор:REVIZORRO

Сен 4, 2020

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорына, сондай-ақ оның орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.

Олар коронавирус пандемиясымен күресу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арнайы автомобиль техникасын (жедел жәрдем автомашинасын) жөндеу бойынша қызметтер көрсеткені үшін жасалған шарт бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы жалпы сомасы 3 024 930 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында МКК директоры мен оның орынбасарына қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?