• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады

Автор:REVIZORRO

Сен 22, 2021

Шымкенттік полицейлер екі пәтер ұрысын ұстады. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласының Полиция департаментіне бірнеше тұрғыннан пәтер ұрлығы туралы арызданған. Аталған жайт бойынша Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде екі күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті екі азаматтың қала аумағында жасалған осыған ұқсас 11 қылмысқа қатысы бары анықталды. Тескеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Полицейлер азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарап, ұрылардың әрекетінен барынша сақ болуға шақырады.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?