• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері дүкеннен ұялы телефон ұрлаған Атыраудың тұрғынын ұстады

Автор:REVIZORRO

Сен 22, 2021

Түркістан облысының полицейлері дүкеннен ұялы телефон ұрлаған Атыраудың тұрғынын ұстады-деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша өзі жұмыс жасайтын дүкенде белгісіз азамат «Айфон Х» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кетіп, 250 000 теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер дүкенге сатып алушының кейіпінде кіріп, қараусыз қалған смартфонды ұрлап, қашып кеткен күдікті азаматты байқады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ полицейлері күдікті ретінде бұрын сотты болған Атырау облысының тұрғынын ұстады. Полицейлер барлық мән-жайларды анықтау үшін ұсталған азаматты аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті азамат ұрланған ұялы телефонды Шымкент қаласындағы сауда орталықтарының біріне алып барып сатып жіберген. Ал ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ұялы телефондар мен әмияндарды көзге көрінбейтін жерде сақтау керектігін ескертеді. Сондай-ақ сауда орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Егер, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?