• Вт. Май 7th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев тұрғындармен тікелей тілдесті.

Автор:REVIZORRO

Сен 20, 2021

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев тұрғындармен тікелей тілдесті деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі «Жолда қабылдау» акциясына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев тікелей қатысып, тұрғындарды толғандырған сұрақтары бойынша жауабын беріп, мәселелерінің шешімін табуға көмек қолын созды. Аталмыш акция аясының негізгі мақсаты — тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мұнда келушілер жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін, жеке куәлік және төлқұжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу құқықтық кеңестерін ала алады.
Акция аясында аудан тұрғындары полицейлердің көмегіне жүгініп, көкейтесті сұрақтары бойынша тиянақты жауаптарын алды. Акцияға келген әрбір тұрғынға полицейлер құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Кейбір азаматтар өзінің мәселесін баяндаса, енді бірі тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырды.
«Қандай да бір сауалдарыңызға жауап беруге дайынбыз. Бүгін кешкі сағат 19:00-ге дейін азаматтарды қабылдау бөлмесіне келіп, көкейкесті сұрақтарыңыздың жауабын ала аласыздар. Егер келуге мүмкіндіктеріңіз болмаған жағдайда әлеуметтік желі арқылы өз сауалдарыңызды жолдасаңыздар болады. Біз барлық сұрақтарыңыздың жауабын береміз. «Жолда қабылдау» акциясы біткен жағдайда да толғандырған сұрақтарыңыз болса Түркістан облысы Полиция департаментінің есігі сіздер үшін әрдайым ашық» — деп атап өтті, қабылдауға тікелей өзі қатысқан Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев.
Түркістандықтар «Жолда қабылдау» акциясы аясында осы мәселе бойынша полицейлердің көмегіне жүгініп, қабылдауға белсенді қатысты. Акцияның екі күнінде жалпы облыс көлемінде 500-ге жуық азамат тікелей байланысқа келсе, онлайн режимінде полиция қызметкерлеріне 200-ге жуық сауал келіп түсті.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?