• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері жолда бұзылып қалған көлік иесіне көмек берді.

Автор:REVIZORRO

Авг 16, 2021

Түркістан облысының полицейлері жолда бұзылып қалған көлік иесіне көмек берді деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мақтаарал АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесі бойында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік жұмыстарды күнделікті жүргізуде. Осы тұста тәртіп сақшылары сағат 11:25 шамасында жергілікті тұрғынның басқаруындағы «AUDI 100» маркалы автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқады.
Содан соң полиция капитаны Нұрлан Икімбаев пен полиция капитаны Нұрлан Рысбаев екеуі автокөлікке барып, қандай да бір көмек қажет пе деп сұрады. Көлік иесі жағдайын түсіндірген соң полицейлер өздеріне бекітілген «ВАЗ 2121» маркалы автокөлігімен жолда қалып қойған жүргізушіні Атакент кенті, Ташкент көшесі бойында орналасқан көлік жөндеу бекетіне сүйреп жеткізді.
Тәртіп сақшыларының жұмыстарына риза болған автокөлік жүргізушісі өз алғысын білдірді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолда абай болу қажеттігін ескертеді. Ұзақ жолға шығар алдын көліктеріңіздің жай-күйін тексеріп барып жол жүруге кеңес береді.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?