• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ден астам мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталған.

Автор:REVIZORRO

Авг 14, 2021

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ден астам мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталған деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі «Инстаграм» және «Фейсбук» ресми парақшаларында әр аптаның жұма күні брифинг өткізіледі. Аталған іс-шара тікелей эфир арқылы жүзеге асырылады. Бұл аптадағы брифингте «Түркістан облысындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі» тақырыбында өзекті мәселе айтылып, спикер ретінде ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов қатысты.
Жалпы облыс полицейлерімен 2021 жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қарқынды іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 24 пайызға төмендеген. Ал жарақат алғандардың саны 28 пайызға азайған. Жалпы жол қозғалысы ережесін сақтамаған 360 000-нан астам жүргізушіге қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал мас халде көлік басқарудың 540 дерегі анықталған.
Полиция полковнигі Ұ.Мылтықов өз сөзінде: «Негізінде жол-көлік оқиғаларының көп кездесетін себептері, олар: маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, көлікте отырып ұялы телефон қолдану, алыс жол жүргенде рульде отырып ұйықтап кетіп аударылу және т.б. Сондықтан жолға шыққанда барынша сақ болыңыздар. Біздің мақсат айыппұл салу емес, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол апаттарының алдын алу, болдырмау. Осы бағытта «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Қауіпсіз жол» деген секілді түрлі жеделдетілген-профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеміз. Оған қоса 610 жаңа жол белгілері орнатылды. Оқу орындары жанынан 320 метр кедергілер жасалды»,-деп атап өтті.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?