• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында Ресей Федерациясы жүк көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.

Автор:REVIZORRO

Апр 1, 2022

Түркістан облысында Ресей Федерациясы жүк көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
01.04.2022 ж. Түркістан қаласында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.
Полицейлердің анықтауы бойынша Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолының 135 шақырымында бір бағытта кетіп бара жатқан «Рено Магнум» маркалы кран ауыр жүк көлігі мен «Вольво» маркалы жүк көлігі соқтығысқан.
Яғни 25 тонналық «Рено Магнум» ауыр жүк көлігінің соңынан келе жатқан Ресейлік «Вольво» жүк көлігінің жүргізушісі қалғып кетіп, «Рено Магнум» жүк көлігінің артынан келіп соққан. Салдарынан жүк көлігінің тіркемесінде тұрған кран аударылып кеткен.
Жақын маңда патрульдеп жүрген Түркістан облысының патрульдік полицейлері бірден оқиға орнына жетіп, жүргізушілерге көмектесті.
Яғни хал-жағдайын біліп, оларды қауіпсіз жерге алып шықты. Ресей нөмірлі Вольво маркалы жүк көлігінің ішінде Ресей Федерациясының жүргізушісі болған. Екі ауыр жүк көлігінің жүргізушілері зардап шекпеген, тек көліктерге материалдық шығын келген.
Бүгінгі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Анықтаушылар оқиғаның толық мәнжайы анықтауда.
Аударылған көлік жол жиегіне шығарылып, жол жүру бағыты ашылды. Түркістан облысының полицейлері жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің де қауіпсіздігі үшін маңызды!

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?