• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында «TOYOTA ALPARD» көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Автор:REVIZORRO

Апр 18, 2022

Түркістан облысында «TOYOTA ALPARD» көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды деп, Түркістан обылысының полиция депертаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

17.04.2022 жылы түнгі уақытта Сайрам АПБ-ға, Сайрам ауданы арқылы өтетін Алматы-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат алысымен оқиға орнына полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері шықты. Тексеру кезінде анықталғаны, сағат 21:30 шамасында «TOYOTA ALPARD» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 4-шақырымында, Алматы қаласынан Қызылорда бағытына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта, яғни алдында кетіп бара жатқан «HOWO» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысып, нәтижесінде жол апаты орын алған. Апатты жағдай кезінде, «TOYOTA ALPARD» көлігінің жолаушысы жедел жәрдем көлігінде өзіне келмей қайтыс болған. Ал 7 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Олардың бірқатары дәрігерге көрінген соң үйлеріне қайтқан. Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері ескертеді, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар!
Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?