• Чт. Апр 18th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістандық полицейлер жоғалған бүлдіршіндерді тауып, алғыс алды.

Автор:REVIZORRO

Апр 28, 2022

Түркістандық полицейлер жоғалған бүлдіршіндерді тауып, алғыс алды деп, Түркістан обылсы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырар АПБ-нің кезекші бөліміне аудан тұрғындарының бірі 2 баласының жоғалғандығы туралы хабарлаған. Яғни жергілікті тұрғын әйел, таңғы сағат 8:30 шамасында 5 және 4 жастағы ұлдарын үйіне қалдырып, өзі жұмысқа кеткен. Содан көп ұзамай қайтып оралса, балалары үйінде жоқ болып шыққан. Ұлдарын уайымдаған анна, оларды өз бетінше іздегенімен еш нәтиже шықпай, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Отырарлық полицейлер хабар алысымен бұл жайтты дереу тіркеуге алып, іздестіруге толық құрам жұмылдырылып, іске кірісті. Полицейлер ауыл-аймақтағы тұрғындардан, көрші ауылдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, балалар баруы мүмкін деген жерлерді түгел қарап шықты. Әсіресе канал жағасына, ойын алаңдарына мұқият тексеру жүргізді. Жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында тәртіп сақшылары, екі баланы 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйлердің ауласында ойнап жүрген жерінен тапты. Қазіргі таңда бүлдіршіндер аман-есен анасына тапсырылды.
Анықталғандай, ағайынды кішкентай балалар, анасының соңынан ілесіп шыққан. Алайда жарты жолда анасын таба алмай, қайтар жолдан жаңылысып, көпқабатты үйлердің арасында адасып қалған. Балаларының дін-аман табылғанына қуанған ана: «Ұлдарыммен аман-есен қауыштым. Дер кезінде көмек қолын созған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!»-деп аналық ризашылығын жеткізді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға келеңсіз жайттар орын алып, жазатайым жағдайға ұшырамас үшін, баланы үйде жалғыз қалдырмау керектігін қатаң ескертеді.

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?