• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Автор:REVIZORRO

Май 3, 2022

Түркістан облысында зиялы қауым өкілдері бас қосты- деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қаласының №7 кәсіптік колледжінде Қазақ халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында этнос өкілдері тығыз орналасқан елді мекендерде зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтті. Шараға Түркістан облыстық даму басқармасы, Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы және қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, этнос жастары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыру. Яғни Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге бағытталған. Шара барысында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдолла Садықов пен гуманитарлық ғылымдар факультеті, білім технологиясының доценті Гүлсара Тоққұлова сөз сөйледі. Олар Қазақстан халқын бірлігі күнімен құттықтады.

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?