• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері қонақүйде ер адамды бопсалаған әйелді ұстады.

Автор:REVIZORRO

Июл 16, 2021

Түркістан облысының полицейлері қонақүйде ер адамды бопсалаған әйелді ұстады деп, Түркістан обылысы полиция депертаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оған облыс орталығындағы қонақүйдің бірінде өзіне массаж жасаған әйел қоқан-лоққы көрсеткен. Яғни ол әйел жас жігітке жала жауып, бопсалап, 500 000 теңге ақша талап еткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігімен «Қорқытып алу» тіркеуге алынған.
Ақпарат алысымен тәжірибелі түркістандық полицейлер жедел әрекетке көшеді. Нәтижесінде келесі күні аталған қонақүйде массаж жасаушы әйел арызданушы жас жігіттен ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Оқиға орнынан айғақты зат ретінде 200 000 теңге алынды. Күдікке ілінген жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары әйелдің басқа да істерге қатысы бар-жоғын анықтауда.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуға шақырады. Таныс емес адамдарға сенбеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Түркістан обалысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *