Бір тәуліктің ішінде 99 құқықбұзушылық анықталды деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайрам ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шаралар өтуде. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауда. Тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне ерекше назар аударуда.
Бір тәуліктің ішінде 99 құқықбұзушылық анықталды. Атап айтар болсақ, жол қозғалысы саласы бойынша 78 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін қолданбау, жаяу жүргіншінің жолда жүру қауіпсіздігін бұзу, карантин режимін сақтамау, қоғамдық орынға мас күйде келу, қарама қарсы бағытқа шығып кету, құжатсыз көлік басқару фактілері бойынша да құқықбұзушылықтар тіркелді.
Аудандық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге жолда жүру қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды.
Түркістан обылысы
