• Сб. Апр 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан полицейлері мерекеде оқушыларға сыйлықтар табыстады.

Автор:REVIZORRO

Дек 21, 2021

Түркістан полицейлері мерекеде оқушыларға сыйлықтар табыстады деп, Түркістан обылысы полиция депертаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түлкібас ауданының полицейлері «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтсақ полиция қызметкерлері тарапынан Түлкібас ауданына қарасты Құлан ауылында орналасқан А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде оқитын жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына түрлі сыйлықтар табысталды. Өткізілген жиынға мектеп директоры Мадияр Әбдихамитұлы, Түлкібас АПБ ЖПҚ инспекторы полиция майоры Айнұр Байжанисова қатысты.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген оқушылар аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — дейді түлкібастық полицейлер.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?