• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Сайрам ауданында 10 күнде 4 жүргізуші ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін ұсталды.

Автор:REVIZORRO

Ноя 27, 2021

Сайрам ауданында 10 күнде 4 жүргізуші ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін ұсталды деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайрамдық сақшылар көлік басқарғанда жылдамдықты шамадан тыс асыру, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтауда тәулік бойы үзіліссіз қызмет атқаруда. Соңғы аптаның өзінде аудан жолдары бойында 213 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Нақтырақ атап өтсек, 7 жүргізушіге көлік басқарғанда телефон пайдаланғаны үшін хаттама толтырылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 93 тұрғын, бағдаршамның тыйым салынған дабылына қарамай өткен 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра рульге отырған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен жауапкершілігі қарастырылды. Сондай-ақ 4 жүргізуші ішімдік ішіп, көлік айдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен кінәлі деп танылып, жүргізуші куәліктерінен айырылды. Мысалы, патрульдік полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Еркінжан Әлметов, күнделікті қызмет атқару кезінде аудан көшелерінің бірінде бұрылу шамын жақпай келе жатқан «Мерседес Бенц 300» маркалы көлікті тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның мастығына күмән туындайды. Мұны медициналық сараптама қорытындысы да растап, жүргізуші «орта дәрежелі» мас халде көлік басқарған болып шықты. Аталған жайт бойынша іс құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Нәтижесінде жүргізуші кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оған қоса, аудандық маңызы бар жолдарда 17 шақырым қауіпті учаскелер анықталып, тиісті мекемеге ұсыныс жолданды. 29 дана жол белгілері орнатылды.
Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?