Түркістан облысында жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушілер жауапқа тартылды деп, Түркістан обылсы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс орталығы — Түркістан қаласында түнгі сағат 01:30 шамасында жол апаты орын алды.
Нақтырақ айтсақ, «LЕXUS RX 300» маркалы автокөлік Шымкент бағытына қарай қоғамдық көлік жолымен келе жатқан. Сондай-ақ дәл сол бағыттың екінші жүру жолымен «TOYOTA CAMRY» көлігі келіп, бірден оңға қарай жолды кесіп бұрылған. Салдарынан «LEXUS»-пен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған.
Аталған жайт бойынша «TOYOTA CAMRY» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолдануда.
Ал «LEXUS RX 300» жүргізушісі қоғамдық көлік жолымен жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 2-бөлігімен «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау»
жауапқа тартылды. Оған қоса автокөлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 591-бабы 2-бөлігімен
«Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы»
әкімшілік жауапкершілік қаралды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Түркістан обылысы