• Вт. Июл 5th, 2022

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысында мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау жөніндегі акция туралы брифинг өтті.

Автор:revizzoro

Окт 22, 2021

Түркістан облысында мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау жөніндегі акция туралы брифинг өтті деп, Түркістан обылсы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында брифинг өтті. Басты тақырып – «Мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау жөніндегі акция» туралы. Брифингке карантин талаптарын сақтай отырып, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің Азаматтық және иммиграция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғани Зиябекұлы Шымырбаев, Адамдардың құқығын қорғау бюросының қазақстандық филиалы директорының орынбасары Денис Андреевич Дживага, Түркістан облысы «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілі Элина Еникеева, ТО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әуезбек Мақсатұлы Мырзабаев пен БАҚ өкілдері.
Жалпы елімізде құжатсыз жүрген азаматтарды анықтау мен оларды құжаттандыру бойынша полиция қызметкерлерімен тиянақты жұмыстар атқарылып келеді. Осыған сәйкес қызығушылығы бар мекемелермен түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылып, індет кезінде карантин талаптары сақтала отырып полицейлермен көптеген тұрғындарға құжаттары дайын күйінде табысталды.
Яғни егде жастағы, денсаулығында ақауы бар, ерекше жандар мен ардагерлерге арнайы жеңілдік жасала отырып, Түркістан облысының полицейлері олардың үйлеріне барып, суретке түсіріп, құжатқа қол қойдырып, дайын болған құжатты тапсырды. Өз мерзімінде құжат үшін ешқайда әуре болмаған жандар үйлеріне әкеліп табыстаған тәртіп сақшыларына ақ тілектері мен алғыстарын жеткізген.
Негізі бұл құжаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан акция халыққа тиімді, ыңғайлы болу үшін мерзімі ұзартылып, жалғасын тауып келеді. Яғни 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Ішкі істер министрлігі мен БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссиясының басқармасымен бірге елімізде тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарсыз, не 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға уақытылы айырбастамаған адамдарды құжаттандыру бойынша акция өткізіліп жатыр. Оның ішінде Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттардың негізіндегі (немесе олардың жоғалуы) құжаттармен — 224 және 18 жастан асқан туу туралы куәлік негізінде — 565 адам Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттарымен құжаттандырылған.
Сонымен қатар өткізіліп жатқан іс шара аясында, облысымызда жарамсыз құжаттармен тұрып жатқан жалпы 569 тұлғалар анықталып, оларды құжаттандыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде.
Құрметті облысымыздың тұрғындары жеке басты куәландыратын құжаттардың болмауы бұл жәрдемақы алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әділет және тағы да басқа сол сияқты жәрдемдер мен қызметтерді алу мүмкіншілігін шектейтінін еске саламыз. Сондықтан өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша тұрғылықты аумағыңызға жақын тұрған көші-қон қызметі бөліністеріне жүгінуге болатынын хабарлаймыз.
Қосымша айта кетер жайт, Түркістан облысының полицейлерімен бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылып, өз жалғасын табады.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?