• Пт. Апр 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістанның көші-қон полицейлері заңсыз еңбек етіп жүрген 7 шетел азаматын анықтады.

Автор:REVIZORRO

Окт 11, 2021

Түркістанның көші-қон полицейлері заңсыз еңбек етіп жүрген 7 шетел азаматын анықтады деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістандық полицейлер Түркістан қалалық прокуратурасымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында қадағалау жұмыстарына кірісті. Осыған орай көші-қон қызметінің полицейлері тұрғын үйлерге, құрылыс нысандары мен сауда орталықтарында еңбек етіп жүрген азаматтарға тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде «Азиз» базары мен «Жаңа қала» мөлтек ауданы аумағында заңсыз жұмыс жасап жүрген 7 шетел азаматын анықтады. Олар Өзбекстан мен Түркия республикасының азаматтары болып шықты.
Анықталған тұлғаларға полицейлер ӘҚБтК 517-бабы, яғни «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша шара қолдану мақсатында тиісті құжаттарды жинақтап, сотқа жолдады.
Сондай-ақ заңсыз жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс беруші тараптан 2 азаматқа қатысты ӘҚБтК 518-бабы, яғни «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік шара қолдану үшін, құжаттар тиісті орындарға жіберілді.
Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?