• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Әкімшілік құқық бұзушыға ерекше талаптар белгіленді!

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Ерекше талаптар белгіленді. Бұл ақпарат Қызылорда соттары Facebook парақшасында жарияланды.
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабы 1-1-бөлігі бойынша Н.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы Н. зайыбы жәбірленуші А.-ны қызғану салдарынан жанжал туындап, оның бет тұсынан басымен бір мәрте соққы жасап, мұрынның жабық сынығы түрінде денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Құқық бұзушы Н. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, қызғаныш салдарынан осы әрекетке барғанын, орын алған жағдайға өкінетінін, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын көрсетті.
Жәбірленуші А. құқық бұзушы Н.-мен арадағы неке сот шешімімен бұзылғанын, көп қабатты үйдің ауласынан шығып бара жатқан уақытта бұрынғы жұбайы Н. келіп, өзінің қасындағы азаматпен төбелескенін, оларды ажырату кезінде Н. өзіне қарай бұрылып, екі қолымен иықтарынан ұстап, басымен бір мәрте ұрғанын, мұрнынан қан аққанын, зақымдалған мұрнын көрсетіп, ем алу мақсатында ауруханаға барғанын, сол жерде мұрны сынғанын біліп, құқықтарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлеріне жүгінгенін, оған кешірім бермейтінін көрсетіп, әкімшілік жауаптылыққа тартуды сұрады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Құқық бұзушы Н.-ның жүріс-тұрысына 3 ай мерзiмге жәбiрленушi А-ның отбасының кәмелетке толмаған мүшелерiн қоса алғанда, оның еркiне қарамастан, iзiне түсуге тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.
Құқық бұзушы Н.-ге мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына 2 рет Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігіне келіп тұру мiндетi жүктелді.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Байқоңыр қалалық соты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?