• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қос азаматтығы үшін жазаланды

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Қос азаматтығы үшін жазаланды. Бұл туралы Батыс Қазақстан соттары Facebook парақшасында жарияланды.
Бәйтерек аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 496-б. 2-б. (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша азамат Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мемлекеттік шекараны өту барысында, шекара қызметкерлерімен азамат Г.-да қос азаматтығы бар екендігі анықталды.
Анықталғандай, ол 2023 жылы Армения Республикасының азаматтығын алып, заңда көзделген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламаған.
Сотта азамат Г. кінәсін мойындап, азаматтығын жою қажеттігін білмегенін айтты. Айыппұл тағайындамауды сұрап, оны төлеуге мүмкіншілігі жоқ екендігін айтты.
ӘҚБтК-нің 496-б. 2-б. сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
Сот қаулысымен Армения Республикасының азаматы ӘҚБтК-нің 496-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарылды.
Қаулы заңды күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?