• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарақшылық жасаған күдікті ұстады

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілді.
– Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.
Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?