• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Есірткі сатпақ болған шетелдік ұсталды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Полиция Қазақстан аумағында есірткі сатпақ болған шетелдіктен құны 3 млн теңге болатын гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізді деген күдікпен Тәжікстан Республикасы азаматының заңсыз қызметін тоқтатты.
Шетелдіктің жұмысқа орналасу мақсатында Қазақстан аумағына келгені алдын ала анықталды, алайда, басты мақсаты есірткіні тек Ақмола өңірінің аумағында ғана емес, көрші облыстарда да тарату болған. Ұстау кезінде жедел қызметкерлер дилерден салмағы 965 грамнан асатын кірпіш түріндегі целлофан пакетін тауып, тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат гашиш есірткі құралы болып шықты, ал мұндай “кірпіштің” құны – 3 млн теңгеден асады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?