• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мал ұрлығының 3 фактісіне қатысты ұры ұсталды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Полиция мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар мал ұрлаушылар тобын ұстады. Бүл туралы Түркістан облысы полиция департаменті хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Келес ауданының полицейлерімен бірлесіп, мал ұрлығымен айналысатын адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды. Мәселен, жедел уәкілдер Түркістан облысының мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар 4 күдіктіні ұстады. Шығын сомасы 1 миллион теңгеден астам.
Күдіктілер «жеңіл жолмен пайда табу» мақсатында Келес ауданы тұрғынының ауласында орналасқан қорадан 2 бас ірі қара малды ұрлағаны анықталды. Ал ұрланған малды Ордабасы ауданындағы сатып алушыға сатқан.
Тінту барысында жедел қызметкерлер ұрланған мүліктің бір бөлігін және «Газель» маркалы автокөлікті тәркіледі. Ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Топ мүшелерінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, мал ұрлаушылар тобы Түркістан облысының аумағында өткізілген «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?