• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ер адамды қызыл жалыннан кім құтқарды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Шахтинскіде полиция қызметкерлері қызыл жалыннан ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Станционный көшесінің бойында гараждан өрт шыққаны туралы қоңырау түсті.
Полиция қызметкерлері құтқарған адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Азамат күйік шалудан еман, алайда түтіннен есінен танып қалған. Қазіргі уақытта оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында Шахтинск қаласының 43 жастағы тұрғынын ажалдан аман алып қалды. Алдын ала болжам бойынша қала тұрғыны кешкі уақытта автокөлік, газ жылытпасы және газ баллоны бар гаражда қалған. Ол газ жылытпасын қосып, кейін оны құлатып алған. Өрт шыққан уақытта ол есікке қарай жетіп, кейін иіс тигеннен есінен танып қалған. Өрттің шыққанын сол гаражға жақын жерде орналасқан көлік жөндеу орнының жұмыскерлері көріп, полицияға қоңырау шалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?