• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Үгіт насихат шаралары

Автор:REVIZORRO

Мар 5, 2019

Өрт кезінде ең қорқыныштысы – адамдар өлімі. Оның орнын ешнәрсе толтырмайды. От өз жолында барлығын жояды адамның өмірін алып кетіп жатады. Тұрғын үйдегі өрт-ол үлкен қайғы. Азаматтарды жиған мүліктерінен, баспанасынан, тіпті өмірінен айырады. Статистика көрсеткіштеріне сүйенсек ағымдағы жылдың Жамбыл облысы аумағында 63 өрт оқиғасы тіркеліп, от құшағында 2 адам көз жұмды, оның ішінде 1 бала 2 адам әртүрлі дәрежелі жарақат алды. Сондай-ақ, адамдар газ жабдықтарын дұрыс қолданбағандықтан және газдан уланудан өмірімен қоштасып жатады.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен ағымдағы жылы 2-3 наурызда тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және тұрмыста газды пайдалану кезіндегі ережелерін сақтау бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт насихат іс-шараларын жүргізу алдында департамент қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен жеке тұрғын үй секторындағы ТЖ алдын алу мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырды.

Департаменттің қызметкерлерін жұмылдыра отырып, тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздік сенбілігін» өткізу графигі дайындалып бекітілді.

Тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» аясында 6024 астам үйге аралау жұмыстары жүргізілді, тұрғындарына назарына 800 ден астам адамға нұсқаулық беріліді. Тараз қаласының барлық мөлтек аудандарында әрбір кіреберісте (подъезде) ілінді «Тұрмыста газды пайдалану кезінде ережелерді сақтаңыз» және «Көпқабатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша» жаднамалар ілінді. Облыс тұрғындарына ақпараттармен таныстыру үшін рейдке өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары мен теледидар журналистері тартылып, «Jambyl» және «77 tv» арналарынан көрсетілді. Осы бғыттағы жұмыс жалғасуда жылу беру маусымы аяқталғанға дейін.

Жамбыл облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ халыққа

хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Сатыбалдиев Берік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?