• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

С. Әбдіжақия: Бірлігі жарасқан Қазақ елім, жасасын!

Автор:REVIZORRO

Май 4, 2020

Тас түскен жеріне ауыр! Түркістан облысындағы Мақтаның отаны, ауыл шаруашылығындағы егін шаруашылығы мен елге белгілі Мақтаарал ауданындағы су тасқыны, қаншама адамдардың жүрегін сыздатты. Қазағымның көзіне жас келтірген де осы су тасқыны- деп білемін. Елімізге келген жаман індет салдары, онсызда қаншама диқандарымыздың 1 жылдық жейтін нандарынан айырмақ болды. Таза маңдай тердің нанын ешкім ауаға ұшқанын қаламайды.
Табиғаттың тосын сыйларының өзі сынап жатқанда, адамдардың сынауы тым артық! 1 мамыр күні, көрші Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасының табиғи апат салдарынан орын алған су тасқыны біздің елімізге зиянын тигізгені рас!
Қазақстанға келтірілген шығынды Өзбекстан мемлекеті өтеп береді деген үміттеміз. Себебі, Өзге елдің кесіріне, біздің елдегі қарапайым халықы неге зардап шегіп, үйлерінен айырылып, ол аздай мал- дүниесі, маңдай термен еккен егіндерінен айырылуы керек?- деген сұрақ көкейді тесіп отыр!
Алайда, Өзбекстан мемлекеті әдейі жасады- деген ой болмауы керек. Өзбек ағайындар өзіміздің бауырларымыз. Мұсылман халқы, қасиетті Рамазан айында кәпір жасамайтын хайуандыққа барады- дегенге сенбеймін, сенгім де келмейді. Айта кету керек, әлеуметтік желілерде, 2-мамыр күні, техникамен жер қазып, суды каналға ағызып, түсірілім де айтылған айтылымдарда, Абайға кетті су- деген сөздер жарияланған. Алайда бұл сөздердің жалған, арандатушылық екенін сол бейнежазбаның өзі дәлелдеп тұр емес пе?
Бейне жазбадағы айтылған облыс атауыларын картадан да қарап, өз алдыма зерттеп қарадым, Сырдария облысында болған- деп айтылмаған бейне жазбадағы сөздерде. Және 3 жылдық ескі бейнежазба екенін айтқан Өзбекстандық азаматтың, біздің ұлтқа деген құрметін қазақша сөйлеп көрсеткен жігіт бейнежазбасын көрулеріңізді, және әртүрлі алып-қашпа сөздерге сеніп, алдаудың арбауына түспегендеріңіз дұрыс- деп санаймын. Өзбекстандық азаматтың бейне жазбасы, осы көрсетілген сілтемеде:

1400 жылдарда, Алтын Ордадан Өзбек хандығы екіге бөлініп, Қазақ және Өзбек хандығы пайда болып, міне қазіргі таңда екі Тәуелсіз мемлекет болдық. Елбасымыз айтқандай, «Біздің ата-бабаларымыз бірге болды, бізде біргеміз, біздің балаларымызда бірге болады»- дегені бос сөз емес. Түбі бір түркі халқы қашанда бірге екенін түсінейік. Төлеби атамыз Өзбек жерінде қор болып жатқан жоқ, құрмет көрсетіліп жатпаса. Біздің ата-бабамызға деген құрметін жасап жатқанда, біздей мемлекетке қастандық жасайды- деген сөзге сену қиын. Бізге арам ойы болатында мұсылман, Өзбекстан мемлекеті- ол Қытай емес!
Арандату тек бұл дүниеде ғана емес, о дүниеде де ауыр жаза бар екені құран мен хадистерде жазылған ғой.
Ал, жалған ақпарат таратқандар мен ұлттық алауыздық тудыратындарға, ҚР ҚК-нің 174, 274 баптары мен қылмыстық жаза қарастырылғанын ескерейік. Біз мұсылман бауырлар, Рамазан айында алдап, ел арасына ірткі салып күнә артқызбайық?
Бірлігі жарасқан Қазақ елім, халқым жасасын!
Сардар Әбдіжақия
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?