• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

«Маугли балалардың анасы» ата-ана құқығынан айырылатын болады

Автор:REVIZORRO

Авг 16, 2023

«Маугли балалардың анасы» ата-ана құқығынан айырылатын болады. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.
Дабыл қаққан Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 1982 жылы туған Х.есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.

«Бұл отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркедік, ол Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болды. Кезекті тексеру барысында, 8 тамызда, бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естілді, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері тартылды. Есік күштеп ашылды. Сараптамамен расталғандай әйел, үйде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Балалар — 2016 жылы туған қыз бала, 2018 жылы туған ұл бала және 2020 жылы туған тағы бір ұл балаға күтім жасалмаған. Үйдің іші лас болды. Балалар бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілді», — дейді, Медеу аудандық ПБ ЮПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Айжан Бутабаева.

Медеу аудандық полиция Басқармасы басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-аналық құқығынан айыру үшін 2023 жылдың 18 тамызында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?